Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына орналастыру

     Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына орналастыру

    Бос орындарды енгізу тәртібі баланың туылған жылына байланысты жарияланады.
– 10 маусым күні сағ. 7.00 бастап 2016 жылғы – 5218 орын және 2017 жылғы балалар үшін – 1638 орын беріледі;
– 14 маусым күні сағ. 7.00 бастап – 2015 жылғы балалар үшін 5071 орын беріледі;
– 19 маусым күні сағ.7.00 бастап – 2013 жылғы 4162 орын және 2014 жылғы балалар үшін 1079 орын беріледі.

     Ата-аналарға ақпараттарды түсіндіру кестесі

Түсіндірме жұмыстары 30 мамырдан бастап 6 маусым аралығында сағ.9.00 бастап 14.00-ке дейін апта бойы елордалық екі оқушылар сарайлары негізінде жүргізіледі.
Үлгермеген ата-аналар кез-келген мемлекеттік балабақшаға барып консультациялық көмек ала алады. Үлгермеген ата-аналар үшін 15-22 маусым аралығында сенбі күндері оқушылар сарайында түсіндіру жұмыстары қайта өткізіледі.  Жалпы түсіндірме жұмыстарының кестесі біздің Басқармамыздың сайтында bilim.astana.kz бар.
Жүйемен оқушылар сарайларында танысуға болды.

e.astana.kz жүйесінің жаңарған нұсқасы 10 маусымнан бастап жұмыс істейді, ұялы телефон арқылы да 10 маусымнан бастап қолжетімді болады (Назар аударыңыз! Мобильдік қосымшасын жүктемейміз, телефондағы браузер арқылы кіреміз).