Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік білім беру ұйымдары директорларының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары арасында «Әдістемелік қызметтің тиімді моделі – 2019» қалалық конкурсын өткізу туралы баспасөз хабарламасы

2019 жылғы 4 сәуір сағ. 09.00-де Оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік білім беру ұйымдары директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары арасында «Әдістемелік қызметтің тиімді моделі – 2019» қалалық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өтеді.
Конкурсты ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы, Білім беруді жаңғырту орталығы.
Конкурсты өткізу мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында білім беру ұйымдарында ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді анықтау.
Қалалық конкурсқа орта білім беру, техникалық және кәсіптік беру ұйымдары директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларынан және әдіскерлерден 22 өтінім түсті.
Қазылар алқасы: Жангозин Ануар Қанатұлы, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы, Ибраева Гульнара Кульмухамедовна, Білім беруді жаңғырту орталығының директоры, Ковтун Инесса Ивановна, «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының әдістемелік жұмыс бөлімінің аға менеджері, Кусаинова Айман Турсынкуловна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Болатбаева Гульжанат Нурымжановна, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Агибаева Гайша Мухамедиевна, Педагогикалық еңбек ардагері, Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері, Наурызбаева Балсұлу Музаппарқызы, Нұр-Сұлтан қаласы «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрайымы, Шуиншина Шолпан Мырзақасымқызы, Ы. Алтынсарин ат. Ұлттық білім академиясы үздіксіз педагогикалық білім беру орталығының жетекші ғылыми қызметкері, доцент.
Конкурс 2 кезеңде өтеді.
І кезең – қалалық кезең сырттай өтті.
Бірінші сырттай іріктеу кезеңінде білім беру ұйымдары директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары және әдіскерлерінің «Жаса, сынап көр, ізден және өзіңді дамыт!», «Мұғалім үшін мен кіммін – дос, мұғалім, тәлімгер…?», «Заманауи буын оқушылары мұғалімнен кімді көргісі келеді?» тақырыптарына жазылған эссеге талдау жүргізілді.
ІІ кезең – қалалық ішкі кезең.
І кезеңнің нәтижесі бойынша қалалық конкурстың ішкі кезеңіне 10 конкурсант жіберілді:
1. Алибекова Ардак Ашикпаевна, №15 мектеп-лицейі;
2. Рысмухамбетова Махаббат Давлеталиевна, №29 орта мектеп;
3. Нурпеисова Зауре Жетписпавна, №47 мектеп-гимназия;
4. Арыстанова Сауле Жусуповна, №62 мектеп-лицей;
5. Габбасова Замзагуль Кайриденова, №72 мектеп-лицей;
6. Сыздыкова Асия Нугмановна, №79 мектеп-лицей;
7. Кстаубаева Умитшах Ануарбековна, «Қоғамдық тамақтандыру және
сервис колледжі» МКҚК;
8. Аленова Накия Салимгереевна «Кәсіптік-техникалық колледжі» МКҚК;
9.Мылтыкбаева Жаннат Толеубековна «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК;
10. Тлеужанова Асемгуль Бейсенбаевна, «Медициналық колледжі» МКҚК.
Ішкі кезеңде білім беру ұйымдары директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары және әдіскерлері әдістемелік қызметтің тиімді моделінің таныстырылымын көрсетіп, «Зияткер-2019» блиц-турниріне қатысады, онда өзінің білімі мен қабілеттерін көрсетеді.
Қалалық конкурсты өткізу аясында салтанатты ашылу, мерекелік концерт, жеңімпаздарды сертификаттар және дипломдармен марапаттау рәсімі болады.
Жүлде қоры мыналардан тұрады:
1 орын – 500 мың тг., 2 орын – 400 мың тг.,
3 орын – 300 мың тг., 3 номинация бойынша 50 мың тг. көлемінде ақшалай сыйақы.
Конкурс қорытындысы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының, Білім беруді жаңғырту орталығының сайтында жарияланады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.