«Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету бойынша

КОНКУРС ҚҰЖАТТАРЫ

«Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды

даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін

қызметін көрсету бойынша

Конкурсты ұйымдастырушы: «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ (әрі қарай – көрсетілетін қызметті беруші).

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 1 наурызға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті алушы не оның сенімді өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі құжаттар тізбесін ұсынады:

1) Комиссия төрағасының атына жазылған Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (үлгісі ұсынылады), Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның төрағасы – Астана қаласы әкімінің орынбасары Бектұрова Малика Ерланқызы;

2) құжаттарды тапсыру кезеңінде берілген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы немесе куәлігінің, жарғының, банктен анықтаманың, салықоргандарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы (жекеменшік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы (тікелей басқару) құжаттардың көшірмелері;

      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсыныс (үлгісі ұсынылады);

      5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияның болуы;

      6) жатақхананың техникалық паспорты немесе алаңды жалға алғаны туралы шарттың көшірмелері;

      7) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтердің көшірмесі.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздерге байланысты бас тартады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған

құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

Қосымшалар

1 thought on “«Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету бойынша

Leave a Reply

Your email address will not be published.