Ануар Қанатұлы Жангозин

Туған жылы, айы, күні: 29 сәуір 1986 ж.

Туған жері: Қарағанды қаласы

Отбасылық жағдайы: үйленген, ұлы бар.

Білімі, мамандығы (біліктілігі):

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің түлегі (2008 ж.), Назарбаев Университетінің Жоғары бiлiм беру мектебiнің магистрі (2015 ж.).

Ғылыми дәрежесі: «Білім менеджменті» магистрі академиялық дәрежесі

Тілдерді білуі: қазақ, орыс, ағылшын

Еңбек жолын 2008 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында бастап, осы ұйымда әр жылдарда оқу үдерісін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету департаментінің менеджері, бас маманы және директорының орынбасары қызметінде жұмыс атқарған болатын.

2011-2016 жыл аралығында Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры және математика пәні мұғалімі қызметін атқарды. Оның бастамасымен мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесіндегі Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқытатын алғашқы және жалғыз білім беру мекемесі атанып, Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) халықаралық аккредитациясынан сәтті өтті.

2016 жылдың желтоқсан айында Астана қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары қызметіне белгіленіп, 2017 жылдың сәуір айынан бастап елордалық Білім басқармасы басышысының міндетін атқарушы лауазымында жұмыс атқарып келді. 2017 жылдың тамызында Астана қаласы Білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.