АНОНС: АСТАНА ҚАЛАСЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал: білім беруге арналған шешімдер»

23  тамыз 2018  жыл           сағат 15.00        EXPO Конгресс-орталығы

2018 жылғы 23 тамызда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өтетін «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал: білім беруге арналған шешімдер» атты педагогикалық қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесіне шақырылады.

Білім беру саласының дамуына арналған іс-шараға Астана қаласының әкімі – Исекешев Ә.Ө., Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі – Сағадиев Е.К., Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қалалық мәслихат депутаттары, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік серіктестіктер, педагогикалық және ата-аналар қауымдастығының өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысады.

Конференция барысында Астана қаласы білім саласының жетістіктері аталып, елордалық білім беру жүйесінің алдында тұрған мақсаттары мен жоспарлары талқыланады. Сонымен қатар, қалалық педагогикалық қызметкерлерін дәстүрлі марапаттау рәсімі өтеді.

Конференция барысында ата-аналар қауымдастығының және қалалық өзін-өзі басқару ұйымы көшбасшыларының баяндамалары ұсынылып, барлық қатысушылар үшін интерактивті көрме павильондары ұйымдастырылады.

 

БАҚ өкілдерін тіркеу  – 22 тамыз сағат 19.00-ге дейін

(Аты-жөні, ЖСН нөмірі, байланыс телефондары)

Жазира Асанова 8 778 788 76 47 (WhatsApp) – zh.assanova@astana.kz

Гуляим Рашитова 8747 919 3753 – g.rashitova@astana.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *