79 мектеп-лицейінде эко-күн өтті

24.01.2019 жылы Астана қаласы әкімдігінің № 79 мектеп-лицейінде «Экологиялық тәрбие беру тұжырымдамасы» деген тақырыпта эко-күн өтті.

Оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту үшін қолданылатын жұмыс түрлерін көрсету шараның басты тақырыбына айналды. Қоғамның тұрақты даму моделіне көшуі жағдайында мектеп алдында жаһандық міндет қойылып отыр: экологиялық мәдениет құндылықтары негізінде оқушыларды әлеуметтендіруді жүзеге асыру.

Эко-күн аясында «V қайта өңдеу. Екінші өмір» көрмесі ұйымдастырылды. Онда қатысушылар мектептің инновациялық жобаларымен танысты.

Сонымен қатар, шара қатысушылары экологиялық ойлауды дамыту бойынша педагогикалық идеялармен, №79 мектеп-лицейінің ата-аналары ұйымдастырып, өткізетін әдістемелік идеялар аукционында авторлық материалдармен танысу мүмкіндігін алды.

Іс-шара барысында мектептің көшбасшылары мен Эко-топ құрған «Ізгілікке жол» атты эко-марафоны және «Шағын Ғылым Академиясы» инновациялық жобасы бастау алды.

Қонақтар мен қатысушылар арасында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны және экологиялық тренинг өткізілді.

«Ескі киімге – жаңа өмір» атты мастер-классында ата-аналар ерекше белсенділік көрсетіп, тұрмыстық заттарды жаңаша түрлендіру бойынша креативті идеяларымен бөлісті.

Заманауи өзекті тақырыпқа өткен мазмұнды іс-шараға Білім және ғылым министрлігі мен Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, астаналық мектеп педагогтары, ата-аналар мен оқушылар қатысты.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *