Астана қаласының кейбір мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі 45-бабының 1-тармағына, 46-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 125-бабының 1-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Астана қаласы Білім басқармасының «№ 2 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мен Астана қаласы Білім басқармасының «Балалар көркемсурет мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Астана қаласы Білім басқармасының «№ 1 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Астана қаласы Білім басқармасының «№ 1 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының атауы Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) болып қайта аталсын.

3. Кәсіпорынның Жарғысы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

4. «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тапсыру актісін бекітсін.

5. Кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде заңды тұлғаны әділет органдарында қайта тіркеуді жүргізсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

Әкім                                                                                                                                    Б. Сұлтанов

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *