2018-2019 оқу жылындағы Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы

Республикалық олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 2019 жылғы 15-20 наурыз аралығында Ақтөбе, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 25-30 наурыз аралығында Қызылорда қалаларында өтті.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олипиадаға Елордамыздың ең үздік 63 оқушысы қатысып 10 алтын, 12 күміс, 11 қола медаль иеленді.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 38 оқушы қатысып 6 алтын, 8 күміс, 13 қола медаль иеленді.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының командасы 16 алтын, 20 күміс, 24 қола медаль иеленіп 13 мәрте жалпы командалық І орын және «Ең үздік олимпиадалық команда – 2019» атанды.

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *