14 ақпан 2019 ж. республикалық семинарының баспасөз хабарламасы

«Кластер – білім беру ұйымдарын табысты дамытудың инновациялық формасы»

республикалық семинарының баспасөз хабарламасы

Өткізу күні: 14 ақпан 2019 ж.

Өткізу орны: Оқушылар сарайы, Астана қаласының жетекші білім беру ұйымдары.

Қатысушылар: облыстық, аудандық және қалалық әдістемелік кабинет басшылары, меңгерушілері.

Өткізу уақыты: 09.00 -18.00.

Ұйымдастырушылар: Астана қаласының Білім басқармасы, Білім беруді жаңғырту орталығы.

Республикалық оқу-әдістемелік кеңес отырысы аясында «Кластер – білім беру ұйымдарын табысты дамытудың инновациялық формасы» республикалық семинары өтеді.

Қалалық білім беру ұйымдары жұмыстың басымды бағыттары бойынша кластерге бөлінген. Кластер қызметі мыналарға бағытталған:

– білім беру ұйымдарының табыстылығын дамыту;

– білім сапасын үздік көрсеткіштерге теңестіру;

– басқарудың халықаралық әдіс-тәсілдерін ендіру;

– жаңартылған мазмұнды іске асыруда тиімділікке қол жеткізу.

Республикалық семинарды өткізу мақсаты кластер жұмысын іске асыру бойынша Астана қаласы білім беру ұйымдарының тәжірибесін тарату болып табылады.

Семинарды екі кезеңде өткізу жоспарланып отыр:

Бірінші кезең.

Жалпы сессияда Астана қаласы Білім басқармасының басшысы А.К. Жангозин «Астаналық білім беруді дамыту», Білім беруді жаңғырту орталығының директоры Г.К. Ибраева «Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының қызметі» тақырыбында сөз сөйлейді.

Оқушылар сарайына экскурсия жасалады.

Қалалық өзін-өзі басқару көшбасшылары қалалық тәрбие жұмысы алаңдарын және жобалау орталықтарын таныстырады.

Екінші кезең.

Секциялық жұмыс Астана қ. жетекші білім беру ұйымдарында өтеді.

Семинарға қатысушылар төрт топқа бөлінеді, олардың әрқайсысы 4 жетекші білім беру ұйымына барады.

1 бағдар: № 13,83, 48 мектептері, Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі. Аталмыш ұйымдарда «Самғау», «Инклюзия», «Көптілділік», «Catering services» бағыттары бойынша кластер жұмысын және мектепте инклюзивті білім беруді іске асыруды көрсетіледі.

2 бағдар: № 54 балабақша, № 76, 75, 73 мектептер. Аталмыш ұйымдарда «Зияткерлік дамыту», «НЗМ менеджментін ендіру», «Халықаралық стандарт бойынша авторизация және аккредитация үрдістерін ендіру» бағыттары бойынша кластер жұмысы көрсетіледі.

3 бағдар: № 22 балабақша, № 58 мектеп, Политехникалық колледж, № 81 мектеп. Аталмыш ұйымдарда «Инклюзия», «Самғау», «Цифрлық технология» бағыттары бойынша кластер жұмысы және «Global Scholars» халықаралық бағдарламасын іске асыру көрсетіледі.

4 бағдар: Менеджмент және бизнес колледжі, № 15 мектеп, Балалар үйі, № 6 мектеп. Аталмыш ұйымдарда «Сұлулық индустриясы», «Экочелендж», «Білім беру орталығы», «Критериалды бағалау» бағыттары бойынша кластер жұмысы көрсетіледі.

Семинар барысында кластер жұмысының бағыттары бойынша көрме, шебер-сынып, панорамалық сабақтар өткізу жоспарланып отыр.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *