13-ші «Шаттық – 2019» балалар мен жасөспірімдер ашық шығармашылық байқауы

2019 жылдың 08 сәуір күні сағат 10.00-де М. Өтемісұлы ат. оқушылар сарайында «Шаттық-2019» балалар мен жасөспірімдер ашық шығармашылық байқауының салтанатты ашылуы рәсімі өтеді.

«Астана қаласы Білім басқармасының» ММ бас жобасы балалар мен жасөспірімдер ашық шығармашылық байқауы «Шаттық» осымен 13 жыл бойы елордалық білім мекемелері арасында өткізіліп келеді. «Шаттық» байқауының бірден бір ерекшелігі – бұл байқау тек өнерлі ұл-қыздардың ғана емес, сонымен қатар дарынды ұстаздардың басын біріктіретін, үздік музыканттар, хореографтар, суретшілер мен дизайнерлердің ортақ еңбегімен жанданатын үлкен шығармашылық алаң.

         Сәуір айының 8-і мен 15-і аралығында алты мыңнан астам қатысушы әр түрлі алаңдарда аспап, халық аспабы, хор, театр, фотосурет, хореография, вокал, бейнелеу өнері, ерекше жанр салалары бойынша бақ сынасады. Байқауда 100 – қола, 75 – күміс, 40 – алтын жүлде ойнатылды.

         Қатысушылар үш жас ерекшелігі бойынша сайысқа түседі. 8-11 жас, 12-14 жас, 15 және одан жоғары жас ерекшеліктері бойынша өнер көрсететін болады. 12 сәуір – дипломанттар, ал 15 сәуір күні – күміс және қола иегерлері М. Өтемісұлы ат. оқушылар сарайында марапатталатын болады.

         26 сәуір күні Бейбітшілік және Келісім сарайында алтын жүлде иегерлерін марапаттау рәсімі өтеді, сонымен қатар, Астана қаласының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Шаттық-2019» байқауының Гала-концерті өтеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *