Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты жас қаламгерлердің жыр мүшәйрасының АНОНСЫ

Ұйымдастырушылар: Астана қаласының Білім Басқармасы «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК

Өткізілетін күні: 28.11.2018 ж.

Уақыты: сағат 15.00

Өткізілетін орны: «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК

Конституция көшесі, 10

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында 2018 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты жас қаламгерлердің VІ дәстүрлі жыр мүшәйрасының өткізілуі жоспарланып отыр. Мерекелік іс-шараға ҚР Тұңғыш ғарышкері, халық қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, қоғам қайраткері, қазақ тілінің жанашыры Асанғазы Оразкүл Асанғазықызы, Астана қаласы «Нұр Отан» партиясы, «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қожахметов Шыңғысхан Шопанұлы, «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Алашұлы Тұрлубек, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Тілешов Ербол Ердембекұлы, Астана қаласының Білім басқармасының басшысы Ануар Жангозин, Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев, Астана қаласының қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасы Есин Данияр Нурашевич, белгілі ақын-жазушылар Асқар Алтай, Қалқаман Сарин, айтыскер-ақындар Серікзат Дүйсенғазы, Жандарбек Бұлғақов, Асылзат Арыстанбек, Ербол Алшинбаевтың қатысуымен өтеді.

Жыр мүшәйрасы – Көлік және коммуникация колледжінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын іс- шара.

Жыр мүшәйрасының басты мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, көпшілікке ұлттық поэзия ізін жалғар өскелең ұрпақтың шығармашылық өнерін қолдау.   

Ақындар мүшәйрасы үш кезеңнен тұрады:

1 кезең: Колледждің студенттері арасынан жас қаламгерлерінің өлең – жырлары.

2 кезең: Ұлағатты ұстаздардың өлең-жырлары.

3 кезең: Қаламгерлердің өнерін бағалап, марапаттау.

Мүшәйраның соңында барлық қонақтарға Тұңғыш Президент күніне арнайы шығарылған жас қаламгерлердің «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты жинағы естелік сыйлық ретінде табысталады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *