ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ (АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ КОЛЛЕДЖДЕРІ ҮШІН)

«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ  техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде білім алушыларды тәрбиелеу, оқыту, Жарғылық міндеттемелерді жүзеге асыру саласында кәсіпорынға жәрдем көрсету, тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуы үшін қоғамдық бақылауға көмек көрсету, сондай-ақ, Жарғыға өзгерістерді немесе толықтыруларды енгізу туралы ұсыныстарды жасау, кәсіпорынды дамытудың басымды бағыттарына ұсыныстар енгізу, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды және жетім балаларды орналастыру мәселелері бойынша жүйені жетілдіру, білім беру қызметтерінің отандық және халықаралық нарығында кәсіпорынның бәсекеге түсуіне  мүмкіндік беретін, білім саласында және тағы басқа бағыттарда қаржы қаражаттарын бөлуге қатысу, Қазақстан Республикасында және оның сыртында да бәсекеге қабілетті болуға дайын техникалық және кәсіптік білімнің мамандарын оқыту үшін, келесі мемлекеттік колледждерде  Қамқоршылық кеңесті қалыптастыратыны және оның құрамы туралы ұсыныстарды қабылдайтынын  хабарлайды.

Шақырылады: жергілікті өкілдікатқарушы және құқық қорғау  органдардың өкілдері, жұмысберушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, қайырымдылық жасаушылар, ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі.

Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік ережелері мен білім ұйымдарында оны сайлау тәртібі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2017 жылы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Қосымшада білім беру мекемелерінің тізімі берілген.
Ұсыныстарды қабылдаудың аяқтау мерзімі: 2018 жылғы 24 қазан. 

Ұсыныстар «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ кеңсесіне келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11, кабинет: 119.

Байланыс телефоны: 55 68 68, 55 68 66
Электронды мекен-жай: i.kaldybekova@astana.kz

 

Астана қаласының мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің тізімі

Колледждің атауы

  1.  

Астана қаласы әкімдігінің «Құрылыс техникалық колледжі» МКҚК

  1.  

Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК

  1.  

Астана қаласы әкімдігінің «Технологиялық колледж» МКҚК

  1.  

Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледж» МКҚК

  1.  

Астана қаласы әкімдігінің «Энергетика және байланыс колледжі» МКҚК

  1.  

Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледжі» МҚК

  1.  

Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледж» МКҚК

  1.  

Астана қаласы Білім басқармасының «Гуманитарлық колледж» МКҚК

  1.  

Астана қаласы Білім басқармасының «Политехникалық колледж» МКҚК

  1.  

Астана қаласы Білім басқармасының «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК

  1.  

Астана қаласы Білім басқармасының «Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі» МКҚК

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *